Есепті жиын пилоттық округте жалғасты

0 18

Байқадам ауылдық округінде бүгінде 630 шаруашылықтың 534- і тұрақты жұмыс жүргізуде.  9 округтің 7-інде шаруалар егістікпен тұрақты айналысып келеді.  Бұл туралы есептік жиын өткізген аудан әкімі Қанатбек Мәдібек айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өткен жылы 2500 гектар күздік бидай, 4600 гектар жаздық арпа, 1000 гектар жүгері, 7100 гектар мақсары, 529 гектар көкөніс пен бақша дақылдары және 4563 гектар жерге басқа да дақылдар егіліп, өнім алынып, барлығы 20 292 гектар жер игерілген.

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 223 гектарға артық.
Ораққа 28 астық комбайны, 30 автокөлік және 20 трактор тіркемелерімен қатысты.

«Саудакент Кредиттік Серіктестігі» арқылы 5 шаруа қожалық несие алып, 5 дана «Беларусь» тракторы мен 12 қосалқы құрылғыларын алған.

Жайлымдық жерлердің электронды картасын қалыптастыруда Байқадам округі 69,2 пайызды ғана қамтыған. Мал айдау жолдары бөлек рәсімделіп, ауыл әкімінің жеке қарауына берілетін болады.

Мал жайылымдығын реттеу бағытында Байқадам, Түгіскен, Жайлаукөл орман алқаптарында 532092 гектар мемлекеттің орман қоры бар.

Шаруаларға «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде су шығару ұңғымаларын қазу да қарастырылған.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 79 жоба, «Саудакент кредиттік серіктестігі» арқылы 18 жоба және екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы 10 жоба мақұладанып жеңілдетілген кредиттер алды.
Мал шаруашылықтарына тегін электр желісін тартуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Айта кетейік, облыс тұрғындарына несие ретінде бөлінген 7,2 млрд. теңгенің 841,3 млн. теңгесі Саудакент ауылының еншісінде.

Бұл бағытта «Саудакент-2019» кооперативі ашылып, жұмысын бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.