Америкалық биохимиктер семірудің басты себебін айтты. Олардың зерттеу нәтижесі бойынша артық салмақтың қосылуына басты себеп –жасушаішілік ақуыздардың мутациясы. Дьюк университетінің мамандары өз жаңалықтарын жоғарғы оқу орынының сайтында жариялады.
Ғалымдар тышқанға тәжірибе жасау барысында анкирин-B геніне жататын топтың жылдам артық салмақ қосатынын анықтаған. Мамандардың айтуынша бұл ген Glut4 ақуызының жұмысын реттейді, өз кезегінде ол май жасушаларының глюкозаны қабылдауын анықтайды. Бұл адамдарда да және тышқандар да бірдей қызмет атқарады екен.
– Біздің ойымызша, осы геннің арқасында кезінде ата-бабамыз аштық замандары кезінде аман қалған. Алайда қазіргі уақытта тамақ ішуге ешкім зар болып жатпағандықтан, анкириннің мутациясы семіздіктің эпидемиясына айналуы мүмкін, – дейді биохимия профессоры Джордж Геллер.
Ғалымдар ашқан жаңалығы арқылы семіздіктің басты себебі дұрыс тамақтанбау (диета) және калориялық тағамдарды көп пайдалану болып табылатынын жоққа шығаратынын айтады. Жақын арада мамандар зертханадан шығып, артық салмақтың салдарынан зардап шеккен адамдармен жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.