Жамбыл облысында 2019 жылы 89662 мемлекеттік сатып алуға бақылау жүргізілген. Нәтижесінде департаментке 816 арыз-шағым келіп түсіп, 377 факт тіркеліпті. Ал өткен жылы жемқорлыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты 1097 әкімшілік хаттама толтырылған . 80 млн теңге көлемінде айыппұлы тағы бар, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мемлекеттік мекемелер әлі күнге дейін «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнама талаптарын орындамайды. Тіпті, облыста бірқатары заң бұзушылықтарға жол беріп, оны белден басып келген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топ отырысында айтылды.
Бұдан бөлек жиында қала аумағындағы заңсыз және стандартқа сай келмейтін жол белгілері сөз болды. Жүргізілген арнайы мониторингтің қорытындысы тыңдалды.
«Біз үш мәселені анықтадық. Жол белгілері дұрыс, талапқа сай қойылмағаен. Және түсініксіз жол белгілері де бар.Жыл сайын әлемде 18 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алады екен.Оның ішінде 1,5 мың қазақстандық опат болады. Ал қалғандары түрлі дене-жарақатын алады.Бұл дегеніміз жүргізуші көлікті дұрыс басқармау, жол ережесін бұзудан туындап отырған мәселе», — деді арнайы мониторингтік топтың мүшесі Алексей Мирзоев.