Бүгін Тұрар Рысқұлов ауданында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңыздағы тасжолының 436 шақырымында «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі бір отар қойды жолдан айдап өтіп бара жатқан 43 жастағы азаматты қағып тоқтаған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы сәтте бір бағыттағы 33 жастағы азаматтың басқаруындағы «Камаз 5410» маркалы жүк көлігі «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің артынан соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан әр түрлі дене жарақатымен 48 жастағы жүргізуші және 47 жастағы қойшы №1 Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, 30 шақты қой және қойшының жылқысы өлген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қортындысына сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.