Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы екі ай мерзімге қамалды

0 18
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариев екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторынан қамалды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Ведомство басшысына ҚР ҚК 189 бабы яғни «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» деген айып тағылып отыр.  30 қаңтарда қамауға алынған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.  «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігінің мәліметінше, басқарма басшысы өз кінәсін мойындапты. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.

Ж. Сариев осы қызметке 2019 жылдың 24 шілдесінде тағайындалған болатын. Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл ауданында «Аса» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1993-2002 жылдары Жамбыл ауданында «Аса» совхозының товарлы сүт фермасында оператор, «Жеті төбе» шаруа қожалығында жұмысшы, 2002-2005 жылдары Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде кадрлар және запастағы офицерлер есебі бөлімшесі бастығының көмекшісі, аға көмекшісі, 2005-2011 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, 2011-2014 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2014-2015 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, бөлім басшысы, 2016-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, 2018 жылдың сәуір айынан бүгінгі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.