Тұрар Рысқұлов ауданындағы 145 122 гектар егістік жер толық игерілді- Ерболат Садырқұлов

0 5

Өткен жылы Тұрар Рысқұлов ауданындағы 145 122 гектар егістік жер толық игерілген. Мал басы артып, өндірілген өнім көлемі ұлғайған. Аталған мәліметті аудан әкімі Ерболат Садырқұлов тұрғындар алдындағы қорытынды есеп беру жиынында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оның ішінде басым бөлігіне, яғни 52 000 гектарына күздік бидай, 54 600 гектарына жаздық арпа себілген. 2420 тонна минералды тыңайтқыш алынып, егілген егістіктің 24 910 гектары немесе 27,2 пайызы тыңайтылды.

129 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, машина-тракторлар паркі 7 пайызға жаңаланған.
Мал қыстату науқанына жоспарланған азық көлемі 100-ден 118 пайызға дейін артығымен орындалған.

Мәлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өткен есепті жиналысқа Жамбыл облысы әкімі Асқар  Мырзахметов, облыс әкімі аппаратының басшысы Рүстем Дәулет, облыс әкімдігінің бірқатар басқарма басшылары мен орынбасарлары қатысты. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес, Аудандық ардагерлер ұйымы мүшелері, құқық қорғау органдары басшылары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме-ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, жастар өкілдері, әлеуметтік сала мамандары, барлық округтердегі жергілікті қауымдастық мүшелері, БАҚ өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Жиынды аудан әкімі Ерболат Садырқұлов ашып, жыл қорытындысына арналған ауқымды баяндама жасады. Баяндамасында 2019 жылғы атқарған жұмыстары мен 2020 жылға жоспарланған міндеттерімен таныстырды. Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметов облыс пен ауданда атқарылған жұмыстарға талдау жасап, ағымдағы жылы атқарылуға тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Залдан тұрғындар тарапынан ауылды өркендету мәселесі бойынша сұрақтар, көше жолдарына орташа жөндеу жүргізу, жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау,тұрғын үймен қамту,тұрғын үй салуға жер беру туралы ұсыныстар мен сауалдар беріліп, нақты жауаптар айтылды, салалық бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді. Ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тың идеялар мен жаңа бастамалар айтылды, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жоспарлар мен мақсат-міндеттер айқындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.