Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы мәлімдеме жасады

0 9

10 ақпанда Қордай аймағындағы тәртіпсіздіктерден кейін қызметінен босаған Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Арман Оразалиев облыс тұрғындарымен қоштасты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА  zakon.kz -ке сілтеме жасап.

Ол өз жұмысында өзіне қолдау білдірген барлық адамдарға алғысын жеткізді.

» Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
Бүгін сіздермен қоштаса отырып, қызмет барысында көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл, ең алдымен – белсенді азаматтар, полиция қызметкерлері, менің жақындарым. Сіздерге қай кезде де сенім артуға болатын.Жамбылдықтардың бойынан дәл осы қасиеттерді жоғары бағалайтынымды шын жүректен мойындаймын.

Мен еліміздің көптеген облыстарында жұмыс істедім және олардың әрқайсысына бар жаныммен уайымдап, өркендеуі үшін үлесімді қосуға, өзімнің пайдамды тигізуге тырыстым.

Құрметті менің достарым, осындай жылылық ұялаған аймақта жұмыс істеген кезеңдерімді әрқашан есте сақтайтын боламын. Жамбыл облысының ең мықты, үздік және әрдайым алдыңғы қатарда болуына тілектеспін. Баршаңызға бейбітшілік, тыныштық, ертеңгі күнге сенімділік тілеймін»  деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.