Қордай ауданында Қарасу ауылында этнос жастары арасында «Тіл-парасат байқауы» өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін еркін меңгерген этнос жастарын анықтап, оларды ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қордай ауылы, №1 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Фирангиз Мурадова жеңіп алса, ІІ орынды Бетқайнар ауылы, №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Замир Фатулаев иеленді, ал Қарасу ауылы, №7 Александр Пушкин атындағы орта мектептің оқушысы Джаншанло Джафар және Масанчи ауылы, №12 орта мектептің оқушысы Асем Арыстанбекова ІІІ орынды өзара бөлісті.