Мойынқұм ауылының тұрғыны Серғазы Темірбаев кәсіппен айналысу үшін мемлекеттің қолдауына жүгінген. Ол мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндікті пайдаланып, қайтарымсыз 505 мың теңгеге ие болды. Ол қаражатқа 50 түйетауық, үй маңына қора-жай салып, олардың қыстық азығын да дайындаған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалында өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат еткен аудандағы жұмыссыз азаматтарға арналған оқуда кәсіби біліктілігін шыңдап, «Бизнес» жобасын қорғап шыққан.
«Кәсіп түбі – нәсіп» дегендей, Серғазы өз алдына мақсат қойып, алдағы уақытта түйеқұстың жұмыртқасын, етін сатып, кәсібінің нәсібін тапқысы келеді. Оның сөзіне жүгінсек, 2014 жылы Бірлік ауылында тұратын әпкесінің құс шаруашылығымен айналысуына қолғабыс тигізіп, 10 түйетауық балапанын алып, аз уақыттың ішінде оларды 185-ке жеткізген.