Қарағандыда екі тұрғын карантинге мәжбүрлі түрде жатқызылды.
16 наурызда медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 2 тұрғынын карантинді госпитальға мәжбүрлеп жатқызды. Екі азамат карантин госпиталіне орналастырылды, онда дәрігерлер 14 күн бойы олардың денсаулық жағдайын үнемі бақылап отырады.
«Облыстың барлық тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы күресте азаматтық жауапкершілік танытуды сұраймыз. Арнайы қызметтерді дер кезінде хабардар ету адамдардың тізбегін тоқтатуға және одан әрі ауруханаға жатқызудан аман алып қалуға көмектеседі. Үкімет қабылдаған ережелерді ұстана отырып, біз өзімізді ғана емес, туыстарымызды да, жақындарымызды да қорғауға тиіспіз», — деді денсаулық сақтау басқармасы.