Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету-басты назарда

0 3

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімінде жалпы мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес саны-723; оның ішінде 648-і мемлекеттік корпорация арқылы, 580-і электрондық Үкімет арқылы көрсетіледі.
Қазіргі таңда көптеген қызметтер электронды болуына байланысты кез келген жағдайда қажетті құжаттар мен анықтамаларды Интернет желісі арқылы ұялы телефонда egov mobile, telegram bot бағдарламалары арқылы алуға болады.

Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен egov.kz сайты арқылы қажетті анықтамалар мен қызмет түрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік бар екендігін ескерте отырып, барлық аудан тұрғындарын ақпараттық технология мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалануға шақыру мақсатында аудан халқына арнайы Хабарлама таратылды, аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына хабарламалар салынды, Уатсап желісі арқылы да таратылды. Ауылдық округ әкімдіктеріне халыққа хабарлау бойынша хат та жолданды.

Аудан әкімі Е.Садырқұловтың қатысуымен тиісті мамандар,сала басшыларымен ХҚКО-ның инфекцияның алдын алуға дайындығы, залалсыздандыру шаралары, халықты қабылдаудағы санитарлық ережелердің сақталуы тексеріліп, зерделенді.Бұл туралы аудандық газетке мақала және ресми парақшаларға арнайы пост салынды.
Қазіргі уақытта елімізде төтенше жағдайлар енгізілуіне байланысты халықтың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында Құлан ауылына келмей-ақ 14 округте ашылған «Цифрландырылған орталықтар» арқылы да қажетті мемлекеттік қызметті алуға кеңес берілді.
Сонымен қатар орталықтан арнайы орын жабдықталып,медициналық қызметкерлер кезекшілігі ұйымдастырылды.

Ғимаратты күнделікті талапқа сай залалсыздандыру жұмысы өз шешімін тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.