Тұрар Рысқұлов ауданында сақтық шарасы күшейтілді

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы халық көп шоғырланатын «Халық банк» және «Қазпошта»ғимараты, «КМФ»банк алдында сақтық шараларын күшейтті , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жұртшылықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіліп, тұрғындардың жүріп-тұруда, кезек күтуде ара қашықтық сақтау мен санитарлық-гигиеналық талапты қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Күнделікті дезинфекциялау шаралары қатаң бақылауға алынған.

Ерікті жастардың көмегімен әр азаматқа Жадынама таратылды. Қоғамдық орындарда жүріп-тұру,кезек сақтау этикеті туралы Жадынамада барлық қауіпсіздік шарасы туралы жазылған.

Аудан азаматтарына берілетін әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер туралы ақпараттар таратылып,мамандар кеңесі ұсынылуда. Бұл жұмыс алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.