Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы іс-шараларды күшейту туралы айтты

0 4

Бүгінгі жағдай бізден нақты әрекеттерді талап етіп отыр — Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы іс-шараларды күшейту туралы айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

🔸Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның таралу деңгейінің тұрақтылығы сақталуда. Алайда, шектеу шараларын қолдануға байланысты өзекті мәселелер туындауда.

🔸Штаб басшысы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қауіпті инфекция анықталған азаматтар оқшауланып, қажетті медициналық көмек алып жатқандығын, олардың денсаулық жағдайлары тұрақты екендігін атап өтті.

🔸— Статистика көрсеткендей, ауырғандардың басым бөлігі біздің облысқа өзге өңірлерден келгендер. Осыған орай блок-бекеттердегі жұмысты күшейту қажет. Кеше мен кейбір блок-бекеттерде болып, ондағы жұмыстардың өте әлсіз ұйымдастырылғанына көз жеткіздім. Көлік пен азаматтардың қозғалысын бақылау нашар жүргізілуде, көбіне салғырт қаралуда. Мұндайға жол беруге болмайды. Әсіресе, Қырғыз Республикасымен шекарадағы Қарасу және Айша бибі өткізу пункттерінің жұмысын барынша ширату тиіс, — деді аймақ басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.