«Тұрар Рысқұлов-адалдық алаңы» жобалық офисі жұмысын бастады

0 3

Тұрар  Рысқұлов ауданында «Т.Рысқұлов — адалдық алаңы» жобалық офисі тұрмыстық жемқорлықты жою мен азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында өз жұмысын бастап кетті  , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

2020 жылдың сәуір айының 1-нен тұрғындардан келесі салалар бойынша ұсыныстар мен пікірлер қабылдап отыр. Төтенше жағдайға орай карантиндік режим талаптарына сай сауалдар,талап-тілектер онлайн форматта қабылданатыны халыққа ескертілген.

Жұртшылықтың мазалаған сауалдарын мына бағыттар бойынша жолдауы ұсынылған.
Білім беру саласы;
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы;
Денсаулық сақтау саласы;
Сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы;
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салалары;
Ветеринария саласы;
Халыққа қызмет көрсету саласы.
Барлық ұсыныстар мен өтініш шағымдарыңызды adaldykalany@bk.ru электрондық мекен-жайына немесе 8 (701) 155 52 57 байланыс номеріне жолдауларыңызға болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алу барысында заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз міндетті түрде 1424 call-орталығына хабарласыңыздар!
Басты мақсаты — тұрғындардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетті қалыптастыру.
Бұл — ашық қоғам қалыптастырып,сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара.

Жұмыстың сапалы ұйымдастырылуы аудан әкімдігінің бақылауына алынған.Тек нақты анық шынайы фактілермен берілген сауалдарға тиісті ауылдық округ әкімдіктері,бөлім мен мекемелер,мүдделі органдар тез әрі тиімді жауап беріп,мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпал жасайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.