Жамбыл облысында әскери міндеттілер жұмысқа кірісті

0 0

Жамбыл облысында 78 әскери міндетті арнайы жиынға шақыртылды. Олардың қатарында офицерлер,  әскери борышын  өтеген азаматтар бар. Барлығы өз еркімен келген. Енді жауынгерлер берілген тапсырмаларды абыроймен орындамақ ниетте , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА 77news-ке сілтеме жасап.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлыққа қол қойған еді.  Мемлекет басшысының бұл бастамасын жамбылдық жастарда қолдап, елдің тыныштығы үшін қызмет етеміз деп отыр. Енді запастағы сарбаздар облыс аумағын дизенфекциялап, блок-посттарда жұмыс істейтін болады.

«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес әскери жиынға өз еркіммен келіп отырмын. Өзіме тапсырылған жұмысты абыроймен атқарамын деген сенімдемін», — дейді әскери міндетті Бекнұр Шәріпқазы.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент мамандарының айтуынша, арнаулы жиын  1 айға созылады. Осы уақыт аралығында әскери міндеттілердің жұмыс орны сақталып, жалақысы төленеді. Ал сарбаздар күндіз қызмет етіп, кешке үйлеріне оралатын болады. Айта кетейік,   қазіргі таңда арнаулы жиынға шақыру жұмыстары аудандарда да жалғасып жатыр. Мәселен,  Сарысуда — 20 азамат, Жуалы ауданында — 14, Қордай ауданы бойынша 20 запастағы жауынгер жиынға шақырту алып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.