Сарысу ауданында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды

0 0

Сарысу ауданында күнделікті кешкі мезгілде ДУК залалсыздандыру автокөлігімен жұрт көп шоғырланатын орындарға, көшелерге  аялдама, саябақ, ЦОН, «Қазпошта», тамақтану орындарының алды, аудан және қала ішілік жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер оның ішінде «Жаңатас-Жайлаукөл-Қамқалы-Шығанақ», «Жаңатас-Тоғызкент» маршруттарына және т.б. әлеуметтік нысандарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қазіргі уақытта, яғни 3 сәуірге дейін залалсыздандырылған жердің жалпы аумағы — 346400 шаршы метрді құрайды. Залалсыздандыру жұмысына 6 автокөлік қатысуда.
Көшелер мен аулаларды, балалар ойын алаңдарын, қоғамдық орындарды дезинфекциялау және санитарлық тазарту жұмыстарына барлығы — 63 адам(қоғамдық жұмысшылар) тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.