16 сәуірде Жамбыл облысында COVID-2019 ауруының жаңа жағдайы анықталды

0 2

16 сәуірде Жамбыл облысында COVID-2019 ауруының жаңа жағдайы анықталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқас 1983 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны болып табылады.

Ол 15 сәуір күні дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік пен бас ауруы шағымымен орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне келіп түскен. Алынған зертханалық талдау нәтижелері COVID-2019 диагнозын растады.

Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Онымен байланыста болған 17 тұлғаның жұқтыру қаупін анықтау, карантиндік стационарға жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.