Елордамыздағы ең жас мектеп директорын білесіз бе?!

0 3

Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейінің директоры Шәкәрім Толыбайұлы – Назарбаев университетінің түлегі.

Төрт тілді еркін меңгерген мектеп басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.

Жас директор өз кабинетін Сoffee Boom үлгісінде қайта түрлендіріп, мұғалімдерге табыстаған. Осылайша бұрынғы директордың кабинеті үзілісте педагогтердің еркін пікір алмасатын тынығу орнына айналды.

Қазіргі таңда мектеп-лицейінің төрт оқушысы Назарбаев университетіне оқуға түссе, бір оқушы әлемде 100 үздік университет қатарына енетін Гонконгтағы политехникалық университеттің студенті атанған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.