Ардагерлердің дәрежесінің көтерілетініне мың да бір алғыс

0 0

Бұл — ата буын Ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Десек те, Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан баһадүр бабаларымыздың ерен ерліктері ұмытылмайды. Ардагерлер туралы занның қабылдануы, Ардагерлердің мерейінің үстем болатынына кепіл. Ел үшін, жер үшін аянбай тер төккен Ардагерлер үшін әлеуметтік көмек пен жеңілдік шараларының заңды тұрғыда жүзеге асырылатына дән ризамын. Қазақстан Республикасында қабылданған заңға қолдау көрсетемін. Ардагерлердің дәрежесінің  көтерілетініне  мың да бір алғыс.

Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы Арайлым Төребай

Leave A Reply

Your email address will not be published.