Біз «ертеңгі ұрпағымыз бейбіт күннің астында ғұмыр кешсе екен» деп арман етіп, алдына мақсат қойған ұлы даланың ұрпағымыз. Ерлік пен елдіктің, бірлік пен ынтамықтың арқасында сондай шуақты күнге де қол жеткіздік. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев ҰОС жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Бұл ардагерлердің көптен күткен Заңы еді.
Аталмыш Заң негізінен ардагерлерге әлеуметтік қолдаушараларын ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындап берді. Соның ішінде Заңның Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы 10-шы бабына тоқталып өтсем, 1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу,жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек, егер олар Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылса және бұрын тұрғынжайды бірінші кезекте алу құқығын пайдаланбаған болса, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың біржолғы бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етуі, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін біржолғы бірінші кезекте алу, коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өздері тұратын тұрғынжайларды Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікке беріледі екен, ал, «Ұлы Отан соғысының тұрғынжай берілген ардагері қайтыс болған жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді» делінген. Бұл өте орынды деп ойлаймын. Сондай-ақ, медицина саласы бойынша да бірқатар қолдау қарастырылыпты. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен білікті медициналық көмек алуы, протездермен және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз етілуі,Ұлы Отан соғысының ардагерлері жұмыс істеп жүрген кезінде бекітілген емханаларды зейнеткерлікке шыққан кезде де пайдалану құқығы,арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу бұл бүгінгі таңда ең қажет мәселенің бірі. Бұл бапта ардагерлерге тағы басқа да көп жеңілдік қарастырылып, қолдау көрсетілетіні анық айтылған.
Мен Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңымен таныса отырып, мұндағы ардагерлер қажет ететін барлық мәселе тереңінен талданып, кеңінен қарастырылғанына көзім жетті.
Б.Құлекеев,
Тараз қалалық мәслихатының хатшысы