Тараз қаласындағы мобильді топ 129 нысанға дайындық актісін берді

0 13

Тараз қаласы әкімдігінің мамандары, жергілікті полиция қызметкерлері және де санитариялық — эпидемиологиялық қызмет мамандарынан тұратын 11 мониторингілеу тобы құрылған. Мониторингілеу топтарымен объектілерді аралау кестелеріне сай 30 мамырдан 8 маусым аралығында Тараз қаласында орналасқан 161 нысан араланды, оның ішінде 129 нысанға дайындық актісі берілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда,  18 саябақ, сквер,  15 сауда орталығы,  6 ХҚКО,  13 мәдени орталық, 13 базар, 26 білім беру объектісі, 10 коммуналдық объекті, 3 қоғамдық тамақтану объектісі, 1 өндірістік объекті, 20 спорттық объекті жаттығу залдары, 4 өзге де объектілер.

Айта кетейік,  қалған кестеге сай араланған 32 нысан дайын емес болып шықты, олардың ішінде  тепловизерлер, санитайзер, бетперделермен қамтамасыз етілмеген 1 сауда объектісі, 1 мәдени, 4 базар, 9 спорттық объекті, 8 білім беру объектісі, 5 коммуналдық объекті, 2 қоғамдық тамақтану орны, 2 өзге де объектілер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.