Бүгін қалалық №№1,4,8,9,10 топ мүшелері мен қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының және полиция өкілдері өздеріне бекітілген аумақтарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында топ мүшелерімен карантиндік режим талаптарын бұзған 1 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Карантиндік режимнің талаптары сақталуы керек және оған барлығы міндетті. Алайда, қаланың көптеген тұрғындары қорғаныш медициналық маскаларын пайдаланбауда, ал сауда орындары мен басқа да нысандарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптар орындалмай отыр. Кәсіпкерлік пен сауда нысандарына адамдардың жиналуы, маскалық режимнің бұзылуы, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы салдарынан карантиндік режим талаптары бұзылуына жол берілуде.