Жамбылдық жас ақынның тұңғыш жыр жинағы жарық көрді 

0 10

Жамбылдық жас ақын Жанғазы Ахметтің  «Мен сондаймын!» атты  тұңғыш жыр жинағы жарық көрді  , —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бес бөлімнен тұратын жинаққа жас ақынның    әр жылдары жазылған жүрек қылын шертетін туындылары топтастырылған.  Махаббат және табиғат лирикалары енген. Жинақтың бір бөлімінен патриоттық және арнауларын оқуға болады. Кітаптың ерекшелігі мұнда ақынның — балаң сезімге құрылған алғашқы балауса өлеңдерінің топтастырылуында.

Жанғазы Сембайұлы Ахметов Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақата ауылында 1991 жылы 10 қарашада туған.  Осы ауылдағы Қ. Сағындықов атындағы орта мектепті тәмамдап, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің журналистика мамандығы бойынша білім алған.  Қазіргі таңда мамандығы бойынша еңбек етуде.

Жанғазы Ахметов облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері бірқатар жас ақындар антологиясына енген. Сондай-ақ » АYLIEATA UMITI» облыстық жастар сыйлығының иегері.

Жас ақынның қалың көпшілікке арналған алғашқы жинағы оқырмандарға әдемі әсер  сыйлап, жырлары жүрек төрінен орын алады деп сенеміз. Қаламынан қасиет кетпесін, шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.