Автокөлік иелерінің назарына!!!

0 0

2020 жылғы 6 ай ішінде Жамбыл облысының аумағында 47 (2019 ж. – 42) автокөліктің өртену оқиғасы тіркелді. Материалдық шығын 1 миллион 500 мың теңгеден аса сомманы құрады (2019 ж. – 3 млн. 800 мың теңге). Автокөлік құралдарының негізгі жану себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылды. Көбінесе өрт оқиғалары мотор бөлігінде орын алған. Бұл бөліктің шағын ғана көлемінде шоғырланған түйіндер мен агрегаттарында капот астында тұтанып жанатын жанғыш қоспалары бар болуы жағдайына байланысты – бұл бензин, дизель оты, мотор майы, трансмиссиялық және тежеуіш сұйықтылығы, рөлдің гидравликалық күшейткішінің сұйықтығы.

Көліктегі өрт байқаусыз басталады. Түтін мен исі шықпағанша оны табу оңай емес, ал табылған жағдайда өрт сөндіргіш құралының көмегі қажет болмайтын жағдайға дейін өршуі мүмкін. Автокөлік салонын өрттің құрсаулау уақыты жану сипатына байланысты бірнеше секундтан 3 минутқа дейін болады. Ал 10 минуттың ішінде жеңіл автокөлік толығымен жанып кетуі мүмкін.

Мысалға: ағымдағы жылғы 05 маусымда Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Желтоқсан көшесі № 47/2 үйдің жанында 1992 жылы шығарылған «Mercedes-Benz E-230» жеңіл автокөлігінің өртенуі болды және 14 маусымда Меркі ауданы, «Алматы-Ташкент» республикалық маңызы бар автокөлік жолының 60-шы шақырымында 1988 жылы шығарылған «Audi-100» жеңіл автокөлігінің өртенуі болды.

Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында, техникалық тексеру жүргізген кезде, Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады:

Ø қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;

Ø электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;

Ø қосымша электр құрылғыларының /электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосымша сигналдардың және т.б./ дұрыс орнатылуы;

Ø ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы.

Автотұрақ бөлмелерінде /гараждарда/ жол бермеу қажет:

Ø жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға

Ø электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;

Ø автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға;

Ø бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;

Ø жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға.

Жамбыл облысы ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сейдалиев

Leave A Reply

Your email address will not be published.