Талас ауданы Қаратау қаласында Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша екі тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, — деп жазады «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, шаһардағы 3 мөлтек ауданындағы №22 тұрғын үй қайта жаңғыртылуда. Сметалық құны -287921,0 мың теңге. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарын «АКМ Group» ЖШС жүргізіп жатыр. Ал екінші тұрғын үй 5-ші шағынауданда орналасқан. Мұнда да құрылыс жұмыстары қарқынды.
Бұдан бөлек осы шағынаудандағы тағы бір үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдарды дамыту министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды.