Бүгін Жаңаталап ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Онда аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олжас Көкей және басқа да жауапты мекемелердің басшылары болып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауаптар қайтарды.
Ауыл тұрғындары ауыз су, диполммен ауылға, несие алу, жұмысқа орналасу секілді сұрақтар қойып, жалпы 8 сұраққа толыққанды жауаптар беріліп, қалған сауалдар бақылауға алынды.