Адамдар қауіпсіздік шараларын сақтамайды — Сапарбаев COVID-19 ауруының көбеюіне қатысты ойын білдірді

0 0
Адамдар қауіпсіздік шараларын сақтамайды — Сапарбаев COVID-19 ауруының көбеюіне қатысты ойын білдірді , – деп хабарлайды “ZhambylNews”  АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейсенбі, 18 маусым күні Жамбыл облысы бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, онда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары талқыланды.
Өзін-өзі оқшаулау режиміндегі аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев басқосуға бейнеконференцбайланыс арқылы қатысып отырды.
Б.Сапарбаев соңғы кездері инфекцияның таралуы жағдайының нашарлап жатқанына, тұрғындардың жауапсыздығынан тіркелгени оқиғалар саны өсіп отырғанына алаңдаушылық танытып, карантиндік және профилактикалық шараларды күшейту қажеттігіне назар аударды.
Басқосуда онлайн-режимде Тараз қаласының, Байзақ, Кордай аудандарының және Т.Рысқұлов ауданының әкімдері есеп берді. Өңір басшысы олардан аталған аумақтардағы ауру деңгейінің күрт өсуінің себебін сұрады. Сонымен қатар жақын арада жасалған заң бұзушылықтардың суреттерін көрсетті.
Тараз қаласының «Мыңбұлақ» ықшамауданындағы сауда орындарында халық ағыны қалың. Қала тұрғындары мейрамханада үлкен мерекелер ұйымдастыруда. Ал аудандарда дүкендер дұрыс емес режимде жұмыс істеп отыр. Келушілер арасындағы арақашықтық сақталмайды. Жеке қорғаныс құралдары тек келушілерде ғана емес, қызметкерлердің өздерінде де жоқ. Облыс орталығындағы қоғамдық көліктер де аурудың көбеюіне ықпал етуде. Көптеген жолаушылар бетперде кимейді, ара қашықтықты сақтауға тырыспайды.

Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен аудандардың әкімдеріне қызмет көрсету қауіпсіздігі сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке мобильді топтардың жұмысын күшейту жүктелді.

Адамдар инфекцияның қауіптілігіне сенбейтіндіктен және қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, науқастар саны артып отыр. Егер біз жағдайды түзеткіміз келсе, тиісті тұлғалардың жұмысын күшейтіп, азаматтарға әрқайсымыздың мойнымызда үлкен жауапкершілік бар екенін түсіндіруіміз керек, — деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.
Leave A Reply

Your email address will not be published.