Жамбыл облысы республикада алдыңғы сапта

0 3

Жамбыл облысы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда Республикада көш басында келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында өткен жиында Премьер министр Асқар Мамин атап өтті. Жалпы биыл бұл бағытта облыста 16,7 млрд теңге бөлінген. Мұның барлығы төтенше жағдай кезінде немесе жалпы жұмыссыз жүрген азаматтарды еңбекпен қамту мақсатында игерілетін қаржылар, —  деп жазады    “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік бағдарлама бірнеше бағытта жүреді. Соның бірі оқу бітірген жас мамандарды мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру. Яғни, кез келген жас осы «Жастар тәжірибесі» арқылы өз саласына биімделеді. Игеріп кетсе, мекеменің келісімімен тұрақты жұмысқа орналасуға да мүмкіндік алады, Мұндай мүмкіндік биыл 4566 жас түлекте бар.

— 2017 жылы оқуға түскенмін, колледжді 2020 жылы яғни биыл тамамдадым. Оқу барысында тәжірибе жұмыстарымды өткізген болатынмын. Қазір теориялық білімімді практикамен ұштастырып тігуді үйреніп жатырмын,-дейді жас маман Назерке Ортай

Бағдарламаның тағы бір бағыты жұмыссыз жандарды кәсіптік оқыту курсынан өткізу. Жоспар бойынша ағымдағы жылы 1521 азамат курстан өтіп, білім алғандар бизнес жоспар арқылы қайтарымсыз несиеге қол жеткізе алады. Биыл аталған 2-ші бағыт бойынша 3346 адамға грант беру жоспарланған. Оған қатысу үшін қойылатын бас талаптарға тоқталсақ.

-Бағдарламаның екінші бағытының аясында 310 адам қайтарымсыз грант алса, 304 адам шағын несиеге қол жеткізді. Қайтарымсыз грант мал сатып алуға мен құрал жабдықтарға немесе оны қайта жаңғыртуға беріледі. Бағдарламаға қатысу үшін жұмыссыз ретінде тіркелу керек немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған болуы керек,-дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Әлия Сапашева

Жыл соңына дейін 1326 адамға дәл осы бағыт бойынша 5 млннан астам қаржы бөлінбек. Жалпы 58 мың 662 жамбылдық тұрғынды жұмысқа тарту көзделген.Биыл бағдарламаның енгізілгеніне 3 жыл толды. Осы аралықта қолында дипломы бола тұра, басқа мамандықты игеріп, кәсіп ашып жатқандар саны жыл санап артуда. Нақтылай кетсек, 2017 жылы облыста бағдарлама аясында 38 мың өткен жылы 48 мыңнан азамат жаңа іс бастап көрген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.