Жамбыл облысында құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

0 0

Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан құрылыстардың сапасын қоғамдық топ мүшелері бақылауда. Аймақ басшысының тапсырмасымен әр ауданда арнайы қоғамдық бақылау топтары құрылды,-деп хабарлайды   “ZhambylNews”  ақпараттық агенттігі.

Мәселен, Меркі ауданында биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында 108 нысанда құрылыс жүрсе, ал Шу ауданында 163 жоба енгізілген. Осынау қыруар жұмыс енді қатаң қадағалауға алынып отыр. Қоғамдық топ мүшелері мердігер компания өкілдеріне абыроймен, жауапкершілікпен нысанды сапалы етіп соғуды мақсат етулерін сұранды. Алдағы жылдары да құрылыс нысандарын ұтып алып, тарихта адал мердігер ретінде қалуларына ниеттес екендектерін жеткізді.

-Біздің ауданда биыл жеті нысан соғылып жатыр. Бірлікүстем және Алға ауылдарында 300 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Төле би 147 гектар, Алға ауылында 25 гектар алқапты электр желісімен қамту жұмыстары атқарылуда,-дейді Шу ауданы әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы.

Ал, Меркі ауданындағы «Үміт» оқушылар үйінің жанынан бой көтеріп жатқан балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінің құрылысы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл нысанның сметалық құны 510 млн теңгені құрайды. Құрылыс 22-сәуірде басталып, 2021 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан соң қоғамдық бақылау топ мүшелері мен аудан басшысы мемлекеттік бағдарламалар аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан Ойтал ауылындағы №48 мектептің құрылысымен танысты. Мердігер «ҚазмұнайҚұрылыс» компаниясы жұмыс сапасын талаптарға сай жүргізіп, 20 тамызға дейін аяқтауды көздеп отыр. Бұндай игі істер Шу ауданында да қарқынды жүргізілуде. Олар: «Ауыл Ел бесігі» жобасы шеңберінде іске асырылып жатқан «Төле би ауылындағы спорт-сауықтандыру кешені құрылысы» нысанының сметалық құны 295 304,0 мың теңге. нысан өтпелі, құрылыстың келісім-шарт бойынша өткен науырыз айында аяқталуы тиіс еді. Шу ауданының орталық ауруханасының жанынан емхана ғимараты. Төле би ауылындағы мәдениет үйінің жаңа құрылысы басталған. Өз жұмыстарына белсене кіріскен топ мүшелері алдағы уақытта аймақтағы жүргізілетін барлық нысан назардан тыс қалмайды,-дейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.