Қордай ауданында полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

0 3

Бүгінгі қос мерекенің бірі — полиция қызметкерлерінің күні. Жылдағы дәстүрге сай аудандағы тәртіп сақшыларына құрмет көрсетіліп, үздіктері марапатталды , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангозов өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді абыроймен атқарған бір топ ішкі істер саласының қызметкерлеріне аудан әкімінің және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының Алғыс хаттарын тапсырды.

Аудан әкімінің құттықтауын жеткізген Бейқұт Тілебалдыұлы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Ауданымыздағы полиция қызметкерлері өңір тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады деген сенімдемін» деп атап өтті өз сөзінде.

Сонымен қатар, шара барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Ережеповке ҚР Ішкі істер министрінің «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде облыста сіңірген ұзақ жылғы еңбегі үшін» медальі салтанатты түрде табыс етілді. Өз кезегінде аудандық мәслихат аппаратының басшысы да сала қызметкерлеріне деген ізгі тілегін жеткізіп, ауданның құқық қорғау саласын жетілдіруге, оның ішінде қылмыстың алдын алу шараларын жүргізуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға сіңірген еңбектері үшін аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарын бірқатар қызметкерге табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.