Сарысу ауданы әкімінің орынбасары дала жұмыстарына дайындық барысын көріп қайтты

0 11
Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Олжас Көкей дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің дайындық барысын көріп қайтты. Дайындық қалыпты деңгейде жүргізілуде. Ағымдағы жылы егістік алқап көлемін 21128,0 гектарға жеткізу жоспарланған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 836,0 гектарға тартып отыр , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Ағымдағы жылдың өнімі үшін 40-тан аса шаруа қожалықтары 3150,0 2019 жылы 2500,0 га – 126,0% артты гектарға күздік бидай дақылының тұқымын септі. Бұның 2060,0 гектары Түркістан ауылдық округіне орналастырылды.
Сонымен қатар, жаздық арпаны 4600,0 гектарға бұның 3300,0 гектары Түркістан ауылдық округіне орналастырылды.
Майлы дақыл мақсарыны 7220,0 гектарға 5180,0 гектары Түркістан ауылдық округіне орналастырылды.
Көпжылдық шөптер 4798,0 гектарға оның 2200,0 гектары Түркістан ауылдық округіне орналастырылды.
Бүгінгі күнге 864,0 гектар жаздық арпа орылса оның 620,0 гектары Түркістан ауылдық округінде орылды гектар қайтарымы орта есеппен 18,5 цн айналуда Бұған ауданымызда 28 комбайынның 13-і ғана жұмысқа тартылу үстінде алдағы уақытта егіннің пісуіне байланысты қалған комбайындардын барлығыда тартылатын болады.
«Қыста малыңды бақ, жазда шөбiңдi шап» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Сондықтан, қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жаз бен күзгі науқандық жұмыстарды ұйымшылдықпен атқару басты талаптың бірі.
Осыны ескерген шаруалар қазір барлық күш-жiгерді осы мақсатқа жұмылдырып, егін орып, мал азығы қорын дайындау қамына кірісті. Дала төсін дүбірге бөлеген диқандардың қызу тірлігі облыстың барлық ауданында жүріп жатыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.