Тараздағы Small гипермаркетінде өзіне өзі қызмет көрсету кассалары ашылды

0 1

Тараз қаласында орналасқан Small гипермаркетінде «Жамбыл-адалдық алаңы» аясында парасаттылыққа бейімдейтін өзіне өзі қызмет көрсету кассалары ашылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Тұтынушылар өзіне қажетті сомаға тауар алып, өздігінен төлем карточкасы арқылы есептеседі және тауардың штрих-кодын сканерлеп, орап, банктік картаны терминалға тақау арқылы төлем жасалынады. Бұл жерде кассирлер болмайды.

Ашылу салтанатына Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев пен департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Тулебаев қатысты.

Мұндай кассалар еліміздегі Нұр сұлтан, Алматы мега қалалардан кейінгі Тараз қаласында ашылып отыр.  Өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары дамыған елдерде кеңінен тараған. Жобаның іске қосылуы қоғамда біртіндеп сенім ахуалын құруға және азаматтарға өздерін адал адам ретінде танытуға мүмкіндік береді. Бұған дейін адалдық дүкендері оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде енгізілген болатын.

Бүгінде халық үшін ең маңыздысы, тауардың қолжетімділігі. Яғни, бағасы төмен өнімдердің сан алуандылығы кімді болсын қызықтыратыны анық. «Смол» гипермаркетіндегі тауар нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағамен ұсынылған. Күн сайын сатып алушылар үшін түрлі акциялар ұйымдастырылып отырады, ал бұл жамбылдықтарға қажетті заттарын көңілге қонымды бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Ірі сауда желісі осылайша сатып алу процесін автоматтандырып, жұмысының қазіргі заманғы форматы қандай болатынын көрсетіп отыр. Мұндай терминалдар мен өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдерінде бар.

Өзіне-өзі қызмет көрсету кассаларының жоғары адамгершілік қасиеттерін нығайтудан басқа, Еңбек ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануға және дүкеннің өткізу мүмкіндігін жеделдетуге жағдай туғызады.

Айта кетейік, өткен жылы Алматыдағы Small супермаркеттері кассадан сатушыларды алып тастаған болатын. Сауда желісі «Алматы — адалдық алаңы» жобасына осылай үн қосқан. Сатушысыз кассалардың ашылуына қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Қайрат Сөнтаев қатысқан болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.