Жамбыл облысында мектептердегі медициналық қызметкерлер емханалардың жұмысын жеңілдетуге көмектесуде
— Біздің басты мақсатымыз — емханалардың жұмысын аз да болса жеңілдету. Екі күн ішінде бізге 11 адам келді. Олар негізінен орта жастағы азаматтар. Айтатын шағымдары барлық тұрғындарда өзекті болып отырған ауру белгілері — бас ауруы, әлсіздік пен жайсыздық. Бізге қатардағы жағдайлар байқалатын науқастарды жолдайды. Өйткені, мектептегі медициналық пунктер күрделі процедураларға орай жабдықталмаған, — дейді мектеп мейірбикесі Орынкүл Қойшығұлова.
«Бурыл» алқабының тұрғындары мектептегі медициналық пунктердің жабдықталуының жоғары өнімділігін айтып отыр.
— Біз өз ауданымызда оқшаулана өмір сүрудеміз. Емхана алыс болғандықтан онда ем дом алу үшін бару ыңғайсыз. Сол себепті дәрігердің белгілеуін алған соң бұлшық етке екпе жасай алатын немесе темшылар қоя алатын көршілерді іздейміз. Ал ауданның тап ортасында орналасқан мектеп әркім үшін көмек алуға болатын ыңғайлы жер. Онда қан қысымын өлшетіп, екпе салдыруға, жазылу процессін бақылауда ұстауға болады, — дейді жергілікті тұрғын ЕркебұланЖантілесов.
Осы ауданда орналасқан №54 мектептің медициналық қызметкерлері Айбибі Дүйсенбаева мен Айым Үбайдан жұмысқа қуана-қуана шыққандарын айтады.
— Біз балалармен және олардың ата-аналарымен тығыз байланыс ұстаймыз.Сондықтан жергілікті тұрғындардың біршамасын жақсы танимыз. Мұндай жағдайда оларға көмек көрсетпеу сатқындықпен пара-пар болар еді. Біздің медициналық пункт өткен аптада ашылған. Осы уақыт аралығында бізге 19 адам жүгінді. Мектепте қажетті процедураларғды жүргізуге бар жағдай жасалған. Еңбегіміз елге пайдалы болады деп үміттенеміз, — дейді мейірбике Айбибі Дүйсенбаева.
Қаланың шетіндегі аудандар үшін науқастардың мектептердегі медициналық пунктерде қабылдануы екінші тыныс ашылғандай әсер етті.
— Біз жұмысқа бірінші өтініштен соң-ақ шықтық. Короновируспен күрес кезінде соғыс кезіндегідей әр жауынгердің маңызы зор. Оның үстіне біздің ауданға медициналық көмектің жетуі қиындық тудырады. Біздің мектеп «Кірпіш зауыты» ауданында орналасқан. Мұнда Барысхан алқабы мен Ақбұлым ауылынан да адамдар келіп тұрады. Кейде тамшы қою қиын болып жатады. Өйткені, ауылдық жерде медициналық білімі бар адамды табу қиын. Сондықтан мен әріптесім екеуміз табан аудармай жұмыс істеп жатырмыз. Екі апта ішінде бізге көмек алу үшін 47 адам келді. Оның 11-ін бүгін қабылдадық,- дейді №60 орта мектептің мейірбикесі Сәуле Бейнеуова.
Екінші мейірбике Баян Қалмағанбетова да жұмысының жаңа қырын зор ынтамен қабылдап, пункт кіре берісінде науқастарды қарсы алып, температурасын өлшеп, жеке қорғаныс құралдарының барлығын тексеруде.
— Мен медицина саласына адамдарға көмек беру мақсатында келдім. Қазір менің көмегім барынша пайдалы болатын шақ келді. Науқастарды үнемі көтеріңкі көңілмен, күлімдеп қарсы аламын.Өйткені, бұл кезде оларға барынша жағымды эмоциялар керек. Жуырда бізге 92 жастағы бронхиті бар қария келді. Біз ақсақалды емдеп, ауруынан айықтырып жібердік. Ол кісіні көрген сайын алғысын алып, күні бойына көңілім көтеріліп жүреді, — дейді ол.
Әрбір науқастың қазақстандық азаматтардың өмірі үшін күреске өз үлестерін қосып жүрген мейірбикелерге алғыстары шексіз.