Тараздағы дәріханаларға рейд жұмыстары жүргізілді

0 1

Бүгін Тараз қаласында арнайы құрылған мобильдік топ мүшелері өңірдегі дәріханаларды аралап, түсіндіру, бағаны бақылау және дәрі тапшылығын анықтау мақсатында рейд жұмыстарын жүргізді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Рейд жұмыстары барысында өңірдегі дәріханаларда дәрі бағасының тұрақты екені анықталды. Бірақ, жеке меншік дәріханаларда бағаның өсуі байқалып отыр.Негізі дәрілердің бағасы белгіленген шекті деңгейден 14%-ға аспау керек. Қала тұрғындары жекеменшік кей дәріханаларда дәрі бағасының аспандап кеткенін айтып шағымдануда.

Жеке меншік дәріханалар өте қымбат. Себебі, ойына келген бағаны қойып отырады. Сондықтан әлеуметтік дәріханаларға барамыз. Бірақ, осындай қиын кезеңде дәрілерге жеңілдіктер болса, — дейді зейнеткер Смайыл Иманбеков.

Қала дәріханаларында антибиотикалық дәрі-дәрмектер, парацетамол, цитрамон, цеф 3, цефрамед, аспирин, аскорбин қышқылы және ыстық өлшейтін құралдарға деген тұрғындар сұранысы артқан. Алайда, дәріхана қызметкерлері келушілер бұрынғыдай топырлап кезекте тұрмайтындығын және 60-70%-ға төмендегені көңіл қуантады дейді.

Бүгінгі таңда аптасына екі рет дәріге тапсырыс беріп жатырмыз. 2 аптаның көлемінде келуші саны азайды. Бұл көңіл қуантады. Яғни елдегі жағдайдың тұрақталып келе жатқанының бір көрінісі, — дейді «Аптека 24» дәріханалар желісінің фармацевті Жандос Дербісалиев.

Дәріханаларда парацетамолдың болмауына байланысты оның орнына құрамында парацетамолы бар ыстық басатын грипго, терафлю, тайлол хот сынды дәрілерді ұсынды дәріхана қызметкерлері. Сондай-ақ, қазіргі таңда дәріханаларда бетперде көлемі жеткілікті. Ал, құны 70 теңге мен 85 теңге арасын құрап отыр.

Айта кетейік, дәрілердің бағасын негізсіз көтерген дәріханаларға әкімшілік шаралар қолданылатыны қатаң ескертілуде. Бұған дейін бағаны негізсіз көтерген 10 дәріхана анықталып, құқық қорғау органдары мамандарымен хаттама толтырылған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.