Тараз қаласында бірнеше көше орташа жөндеуден өтті

0 1

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Тараз қаласында бірнеше  көше орташа жөндеуден өтті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Жамбыл даңғылы мен Мәмбет батыр қиылысындағы оң жақ бұрылысында асфальт жолы төселінген. Бұл уақытқа дейін бұрылыс болмағандықтан мұнда жол кептелісі жиі болатын. Қазірде мәселе өз шешімін тапқан. Бұл жолды салуға 13млн қаржы жұмсалып, аз ғана уақыт ішінде пайдалануға беріліп отыр.

Бұдан кейінгі Тастақ(Талчок) елді мекеніндегі Падцаева, Волкова, Добровольский, Ровный көшелері. Мұнда бұрын асфальт болмаған. Жауынды-шашын­ды күндері, көктем мен күз мезгілінде тұрғындар лай-батпаққа батып, әбден әуре-сарсаңға салынатын. Қазірде аталған 4 көшеге асфальт төселіп, тұрғындарды қуанышқа бөлеп отыр.

 

— Мына көшелерімізге жол төселіп, қуанып жатырмыз. Балаларымыз асыр салып ойнайтын болды. Тіпті мердігерлер «Салы ата» мешітінің алдында өздерінің қаражатына асфальттап берді. Барлығына дән ризамыз, — дейді ақсақал Оразбек Өскенбаев.

Мердігер компания «Айя-Сервис» ЖШС-і аталған көшелерде жолды 1айға жуық уақытта салып біткен. Жол жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 6 жұмысшы тартылып, жалып жобаға 21 млн қаражат кеткен.

Дәл осылай Залинийдегі Галунчина көшесіндеде асафальт төселген. Жол жөндеу жұмыстарына жауапты «Тараз Сервис» ЖШС-і жолдың сапасына аса мән бергенін айтады. Бағдарлама бойынша мұнда 13 жұмысшы тартылды.

Сондай-ақ, қаладағы Абай даңғылынан Самарқанд көшесіне дейінгі жол жиегі 4 жолақты етіп кеңейтілген. 5 айға жуық атқарылады деп жопарланған жұмыс 1 ай көлемінде аяқталып отыр. Жалпы бөлінген қаражат 227 млн теңгені құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.