Таразда «Қазақ еліне мың алғыс» монументі ашылды

0 69

Бүгін Тараз қаласында Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Төлеби көшесінің “Дос-Нар” сауда орталығының алдында орналасқан «Арбат-1» аллеясында болған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты

— Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында көпұлтты елімізде халықтар достығы, бірлік, татулық пен тұрақтылық салтанат құруда. Әрине 29 жыл тарих үшін қас-қағым сәт Дегенмен еліміз осы уақыт аралығында толайым табыстарға, үлкен жетістіктерге жетті. Еліміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі көпұлтты қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау болып табылады. Тарихи тұрғыда солай қалыптасқан еді. Біз миллиондаған қоныс аударушыны қабылдап, аштық пен соғысқа қарамастан олармен барымызбен бөлістік. Бүгінде олардың ұрпақтары Қазақстанды өздерінің туған үйлері, өз Отанымыз деп санайды. Бүгін міне «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументтің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Бұл өңірде барлық тұрып жатқан ұлттардың қазақ халқына деген ниетін рахметін білдірейін деп салынған ескерткіш. Өздеріңіз жақсы білесіздер, ашаршылықта, қуғын-сүргінде, соғыста қазақ халқы басқа ұлттардың барлығын өзінің бауырына тартып, туғанындай көрді. Елімізде достық, ынтымақтастық дами берсін! — деді облыс әкімі.

Монументтің басты мәні Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойын атап өту, ұлттар арасында достық пен бибітшілікті сақтау және насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезім мен өз халқының тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Іс-шара барысында ҚХА өкілдерінің өнер көрсету мен қатар жаңа Арбат бойынша экскурсия жүргізілді.

Жаңа бой көтерген Арбат — Тараз қаласының арихтектуралық жетістіктердің жалғасы болып табылады. Қашықтығы 580 метрді құрайтын нысан Ақкөзиев көшесімен Сыпатай батыр көшелері арасында орналасқан.

Құрылыс жұмыстары 3 айға созылып, мұнда 200-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Арбатта құрғақ субұрқақтар мен қатар ұзындығы 20 метрге жететін билейтін түрлі-түске боялатын субұрқақтар да орналасқан.  Мұнымен қоса “TARAZ” белгісі бірнеше орындықтар мен қатар кіре берісінде орналасқан, — деді «ТемірБайлық» ЖШС-нің бригадирі Еркін Ержанұлы.

Облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған архитектуралық нысан жастардың сүйікті орталығына айналатыны сөзсіз. Жаяу жүргіншілерге арналған көше заманауи фонтандармен, жарық диодты шамдармен және архитектуралық инсталяциялармен жабдықталған.

— Бүгінгі күні өңірімізде ашылып отырған монумент бұл-белгі. Яғни совет үкіметі кезінде 1920 жыдан 1960 жылға дейін бірнеше ұлт өкілдері келді. Қазірде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бар. Бұл белгі сол қиыншылық кезінде келген адамдардың алғысы. Сол ұлттар қазірде бір туғандай, бір нанды бөлісіп келеді, — дейді Абдрахман Жолдасұлы.

Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу кезінде шаһардағы «Тараз» қонақ үйінің (қазіргі студенттер жатақханасы) алдында саябақ ашылған болатын. Бұл Маңғыстау облысының біздің өңірге тартуы еді. Саябақта киіз үйлер, өнер экспозициялары, декоравтиті ағаштар мен лашықтар қойылған болатын. Сол уақыттан бері бұл саябақ тараздықтардың сүйікті орындарының біріне айналды. Ал, бүгін жатахана алдында домбыра монументінің ашылу салтанаты өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.