Жамбыл облысында құс тұмауының ошағы тіркелді, деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Індеттің ошағы Жуалы ауданындағы Қаратас ауылында анықталған. Қазір Күреңбел ауылдық округіне қарасты елді мекен карантинге жабылды.
Аймақта құс тұмауының жаппай таралу қаупі жоқ. Себебі, бір аптада ешқандай ауру анықталмаған. 60 мың басқа құс тұмауына қарсы вакцина енгізілген.
— Қазірде Қаратаста арнайы отряд екпе егу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді ауылдан құс өнімдері шықпайды. Өткен жолы 360 құс өртеліп, жойылды. Тез әрі шұғыл жасалған әрекеттерден кейін аймақта тұмау тіркелген жоқ. Қазірде аймақта 50 шақырым аумағында егу жұмыстары жүргізілуде, — дейді облыстық ветеринария басқармасының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Талғат Қожабергенов.