Жамбыл ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0 177

Жамбыл ауданы әкімінің 2020 жылдың 14 қазандағы №310 өкімімен Баққараев Олжас Елебекұлы аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Баққараев Олжас 1985 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің «Электроника және микроэлектроника», 2009 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің «Техника және технология» магистрі, 2010 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетінің «Экономист» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған.

2012-2013 жылдары «NULITS» (Н.Назарбаев университеті) ММ-нің даму қызметінің басшысы, 2013 жылы «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-і инвесторларға қызмет көрсету орталығының сарапшысы қызметінде болды.

2013-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыс бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы және 2014-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2015-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы болды.

2020 жылдың ақпан  айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.