Ұжымдағы тұрақтылық – басты назарда!

0 24

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі ең ірі өндірістік кәсіпорын «Казфосфат» ЖШС-нің Минералды тыңайтқыштар зауыты Тараз филиалында кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аталған жиында «Казфосфат» ЖШС-нің Бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров ірі кәсіпорынның 2020 жылғы атқарған жұмысының есебін беріп, осы жылы алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Жиынды жүргізіп отырған облыс әкімі Б.Сапарбаев кәсіпорын басшысының жеткізген өзекті мәселелеріне құлақ асып, оларды шешуге ықпал ететінін айтты.

Сол сияқты еңбек ұжымының алдында атқарылған жұмыстарының есептерін кәсіпорынның кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері Ш.Байғанов пен Ю.Фроловалар да беріп, кәсіподақ қызметіне қатысты өз ойларын ортаға салды.

Сөз соңында облыс әкімі Б.Сапарбаев кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымдары бірлесіп қызмет атқару маңыздылығын атап өтіп, ең бастысы жұмыс орнының қысқармауына, уақтылы жалақы төленуіне және мүмкіндігінше жалақыны көтеру мәселелеріне баса назар аударды.

Жиын соңында өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты мемеорандумға қол қойылды.

Дәл осындай жиын облыстағы тағы бір ірі кәсіпорын «Имстальком» ЖШС-де де өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.