Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әлсіз әкімдер деп кімдерді атады?

0 15

Кеше облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Қоғамдық кеңес алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарды рет-ретімен баяндап, алдағы жоспарымен де бөлісті. Жиын барысында кеңес мүшелері қойған сұрақтарға да жан-жақты талдай отырып жауап берген болатын, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жиында қоғамдық кеңес мүшесі Исламбек Дастан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа:

— Өзіңіз барлық аудандарға барып, аудан əкімдерінің жұмысымен танысып шықтыңыз. Əкімдерге баға беріңізші, олардың ішінде өз жұмысын дұрыс үйлестіре алмай отыр деп кімдерді атар едіңіз? — деп сұрақ қойды.

Бұл сұраққа Бердібек Машбекұлы:

— Исламбек Дастан мен қатысқан аудан әкімдерінің есеп беру жиындарына қатысып, облыстық индикаторлардың орындалмауы жөнінен жақсы сұрақтар қоя білді. Қазіргі сұрағы да орынды. Жұмысын үйлестіре алмай отырған əкімдер деп мен Тараз қаласының, Жуалы, Меркі мен Сарысу аудандарының əкімдерін айтар едім. Көп әкімдер, мекеме басшылары кабинеттен шықпай телефонмен жұмыс істегенді дұрыс көреді. Олардың мəселесін əлі алдағы жиындарда қарайтын боламыз, — деп жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.