Қазақстан бойынша «жасыл» энергияның 20 пайызы Жамбыл облысында өндіріледі

0 22

Жамбыл облысында «жасыл» энергия саласында 16 кәсіпорын жұмыс істейді десек, олармен 318,4 МВт электр энергиясын өндіріледі. Бұл жөнінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру онлайн-кездесуінде мәлімдеді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Жамбылдағы жаңартылған энергия көздері нысандары елімізде өндірілетін электр энергиясының 20 пайызын қамтамасыз етеді, — деді облыс әкімі.

Биыл бір жел электр станциясы мен бір су электр станциясы іске қосылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, көгілдір отынмен қамтуда да ауқымды шаралар атқарылуда. Өткен жылы өңірде 120 мың тұрғыны бар 45 елді мекен газдандырылды. Нәтижесінде, халықты газдандыру деңгейі 74,4 пайыздан 82,4 пайызға дейін ұлғайды.

Ал, орталықтандырылған ауыз сумен 60 мың адам тұратын 38 елді мекен қамтылды. Осылайша, ауыл тұрғындарының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу үлесі 73,3 пайыздан 82,2 пайызға дейін өсті.

Ағымдағы жылы 23 сумен жабдықтау нысанының құрылысы, көмірмен жылытылатын 156 ауылдық әлеуметтік нысанды газға ауыстыру жұмыстары жоспарланып отыр.


Өткен жылы автожол саласын дамытуға 26,7 млрд. теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. 1316 шақырым автомобиль жолдары салынып, жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85-тен 90 пайызға дейін артты. Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 534,4 шақырым болатын жолдарды жөндеу жоспарлануда.

Аймақ басшысы өткен жылы облыс орталығының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі енгізілгенін атап өтті. Ол бойынша 310 тұрақты және 500 жылжымалы терминал орнатылған.

— Биыл 100 автобус газ жүйесіне ауыстырылып, автобус паркі жаңартылады. Жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін арттыруға, жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына ерекше назар аударылатын болады, — деді облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.