Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

0 0

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев таныстырды.

Ержан Жылқыбаев 1982 жылы туған, білімі жоғары.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер», ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі», С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Юрист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика департаментінің бас маманы қызметінен бастады.

2006-2009 жылдары ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас сарапшысы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім басшысы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі қызметтерін атқарды.

2009-2014 жылдары – ШҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары, Семей қаласы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі қызметінде болған, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.

«Құрмет» орденімен, түрлі мемлекеттік және халықаралық наградалармен марапатталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.