Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы тағайындалды

0 16

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Айтқазы Қарабалаев Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Айтқазы Дәулетқұлұлы 1966 жылы туған, білімі жоғары.

1989 жылы Алматы құрылыс техникумын «Құрылыс», 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие», 1999 жылы Талдықорған сыртқы заң институтын «Құқықтану», М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін 2008 жылы «Құрылыс», 2014 жылы «Құқықтану» (магистратура) мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласындағы №54 Тұрғын үй пайдалану басқармасының инженер-технигі болып бастаған.

1992 жылы «Хаир Ихсан» қайырымдылық қоғамының меңгерушісі, директор орынбасары және 1993-1999 жылдары «Тигро Хауд» сауда-өндірістік қауымдастығы бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары қызметінде болды.

1999-2000 жылдары Тараз қалалық сауда, шағын және орта бизнес басқармасының бастығы, 2000-2001 жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2001-2004 жылдары Жамбыл облыстық жергілікті бюджеттерге алымдар және жекелеген салық төлемдерін жинау агенттігінің директоры болды.

2004-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры қызметінде болды.

2005-2006 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметңн атқарды.

2006-2008 жылдары Жуалы ауданының әкімі болды.

2008-2010 жылдары «Оңтүстік» ӘКК» АҚ ҰК» өкілдігінің Жамбыл облысындағы директоры қызметін атқарды.

2010-2013 жылдары Талас ауданының әкімі болды.

2016-2019 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл облыстық өндірістік филиалы директорының кеңесшісі және 2019 жылдың сәуір-желтоқсан айларында «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Тараз қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.