«Жас Алаш» газетінің 100 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында «Жүз жасаған Жас Алаш» атты сұхбаттасу кеші өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Іс-шараға «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, «Жас Алаш» газетінің меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибекарнайы шақырылып, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернұр Мадияров, «Құлан таңы» газетінің тілшісі Жәнібек Базылбеков, «Адалдық алаңы» жобалық офисінің жетекшісі Дария Нарматова мен аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Газет қашанда оқырманымен ғұмырлы. Осы тұрғыдан келгенде ғасырлық тарихы бар «Жас Алаш» газетінде бас редактордың орыбасары қызметін атқарған, қазіргі таңда «Ақ Жол» газетінің бас редакторы болып қызмет етіп жүрген Оралхан Дәуіт ағамызға газеттің тыныс-тіршілігі жөнінде сыр шертті.
— Ғани Мұратбаевтың алғашқы редакторлығымен бастау алған «Жас Алаш»газетіне де жүз жыл толып отыр. «Жас Алаштың» табалдырығын аттап, қазақ журналистикасы тарихында елеулі із қалдырған Ақселеу Сейдімбек, Фариза Оңғарсынова, Шерхан Мұртаза, Уалихан Қалижанов, Кәдірбек Сегізбаев және Жарылқап Бейсенбайұлы сынды газет оқырмандарына кеңінен аты таралып, тарауы талай талқыланған қарымды журналситтер қызмет етті. Халық арасында «Журналисттер ұстаханасы» деп аталуы тегін болмаса керек. Қазіргі таңда да, ғасырдан астам тарихы бар газетте қаламы қарымды журналисттер қызмет етуде,- деп, газет тарихынан Оралхан Дәуіт ағамыз тағылымды сөз қозғады.
«Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибек те жұмыс барысы туралы, басылымға қалай келгені туралы естеліктерімен бөлісті.
Аудандық кітапхананың кітапханашысы Айгерім Баймұратова өз кезегінде «Жас Алаш» газетіне қызығушылық танытатын оқырмандары көп екендігін, сұранысқа ие бірден бір газет екендігін айтып өтті. Басқа да қатысушыларымыз өзара пікірлесіп, «Жас Алаштың» жүз жылдық мерейтойымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Газет қоғамның әр саласынан хабар беріп отырды. Әр түрлі атаумен шыққан айдарлары түрлі мәселелерді көтеріп, оқырманға жеткізе білді. Газеттің аясы күннен-күнге кеңейіп, көтерер жүгі де ауырлап келеді. Басылымға деген халықтың сұранысы артып, оқырмандар қауымының саны күн санап артуда. Демек, «Жас Алаш» газеті халықтың көзі мен үні бола біліп, елі үшін қызмет етіп келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Осындай басылымдар көбейіп, халыққа игі істер атқарса нұр үстіне нұр болар еді.