Байзақ ауданында 30 түрлі шұжық өнімдері өндіріліп, шет мемлекеттерге экспортталуда

0 1

Байзақ ауданындағы «Ақ ниет» ЖШС айына 15-20 тонна шұжық өнімдерінің 30 түрін шығаруда. Оның ішінде мүйізді ірі қара, тауық және жылқы етінен шұжықтар дайындалады. Серіктестік шығарған өнімін Ресей мен Қырғыз мемлекеттеріне экспорттауда, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Серіктестік директорының орынбасары Ұлықбек Рахымжановтың айтуынша, олар шұжық цехын 2006 жылы сатып алыпты. Оған дейін мұнда бұрынғы кеңшардың көкөніс қоймасы болған екен. Бірден кәсібін бастай қоймаған серіктестік алдымен ғимараттарын жөндеп, қосымша ғимараттар салып, жұмысын бертінде бастаған. Құрал жабдықтарын Ресейден алдырған. Кәсіпкер бизнестегі серіктестерімен бірлесе қаржы құйып, халал өнімдерін шығаруды қолға алған.

Қазіргі таңда мұнда айына 15-20 тонна шұжық өнімдерінің 30 түрі шығарылуда. Оның ішінде мүйізді ірі қара, тауық және жылқы етінен шұжықтар дайындалады. Бұдан бөлек, кептірілген ет, кептірілген құйрықта дайындалады екен. Алда консервіленген жылқы, қой етін шығару жоспарлануда. Түйе етін де кәдеге жарату ойларында бар.

Сонымен бірге тез дайындалатын тағам түрлерін де дайындамақ ниетте.
Серіктестік осылайша өндіріс қуатын алда екі есеге арттыруды мақсат етіп отыр. Ал олар өнімін Тараз қаласы мен еліміздің өзге өңірлеріне шығарып қана қоймай, Ресей мен Қырғыз мемлекеттеріне экспорттауда. Жалпы серіктестік 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.