Жамбылда биылғы жылдың І-ші тоқсанында сыртқы сауда айналымы 174,5 млн. долларды құрады. 2020 жылдың 1-ші тоқсанымен 2021 жылдың 1-ші тоқсанын салыстырғанда экспорттың 13,7 млн. долларға өсуі байқалады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асхад Мүлкібеков айтты, — деп жазады «ZhambylNews» AA.
Тауарлардың жалпы салмағы 266 540 тонна. Оның ішінде: Экспорт — 143, 6 млн. доллар, нетто салмағы – 195 972 тоннаны құрап отыр.
Спикердің айтуынша, импортты да игеру де игілік бар. Көрсеткіш 30, 9 млн. доллар, нетто салмағы – 70 567 тонна. 2020 жылдың 1-ші тоқсанымен 2021 жылдың 1-ші тоқсанын салыстырғанда импорттың көлемінің 22,1 млн. долларға өскен.
Басым экспорттаушы елдер қатарында көш басында Канада келеді. Одан кейін Өзбекістан, Германия, Қытай — 56,2 %. Ал импорттаушы елдер бойынша Бразилия, Қытай, Корея, АҚШ — 66,2%.
Облыс экономикасы мен кәсіпкерлерге карантиннің кесірі көп тиді. Жағдайды ескере отырып, мемлекет экономиканың шеккен зардабын еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салық жеңілдіктер берді. Бірақ бұған қарамастан, Мемлекеттік кірістер органдары салықтарды жинақтау жұмыстарын белсенді түрде атқарған. Жамбыл облысының кірісшілері қосқан үлес қомақты, — деді спикер.
«Нақты көрсеткіштерге назар аударсақ, республикалық бюджет жоспарының орындалуы 101,5 %, немесе 153,8 млн. тг. артты. Жоспар 10 080,0 млн. тг., нақты түсім 10 233,9 млн. тг. Өсу қарқыны 180,4 % немесе 4 559,5 млн. тг. артық. Жергілікті бюджет жоспарының орындалуы 121,7 %, немесе 4 014,6 млн. тг. артты. Жоспарымыз бойынша 18 476,3 млн. тг. болатын, нақты алғанымыз 22 490,9 млн. тг. Өсу қарқыны – 127,0 % немесе 4 786,8 млн. тг. артық. Жергілікті бюджет бойынша 2021 жылдың 1-ші тоқсанының жоспары барлық аудандар 100 пайызға орындады», — деді Асхад Мүлкібеков.