Тараз қаласында 30 жыл тоқтап тұрған субұрқақ іске қосылды

0 2

Тараз қаласындағы «Орталық стадионның» алдында орналасқан субұрқақ 30 жылдан бері тоқтап тұрған. Сәуір айында қоғам белсенділері қала әкімі Е.Жылқыбаевқа осы мәселені көтерген болатын. Арада ай өтпей жатып субұрқақ ағымдағы жөндеуден өтіп, бүгін іске қосылды, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Бұл субұрқақ қаладағы ең алғашқы субұрқақтардың бірі. Қоғам белсенділерінің пікірін ескерген шаһар басшысы сала мамандарына тиісті тапсырма берген. Міне мәселе шешімін тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.