Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілді

0 0

Жеңіс мерекесінің қарсаңында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне 1 млн теңгеден берілді. Бір жолғы көмекті 36 ардагер алды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Сонымен қатар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген 3 477 тыл еңбеккеріне, 298 қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары және қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне 50 мың теңгеден берілді.

Аталған біржолғы көмек үшін барлығы 225,1 млн теңге төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.