Байзақ ауданы әкімінің аппараты ауызашар таратты

0 8

Айлардың сұлтаны – Рамазан айында ауызашар беру үлкен сауапты іс саналмақ. Бұл ізгілікті, қасиетті істен Байзақ ауданы әкімінің аппараты да шет қалмады. Аудан орталығындағы «Байзақ баба» мешітінде ораза ұстаған жандар мен ауыл тұрғындарына ауызашар ұйымдастырылды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

— Рамазан айы — айлардың сұлтаны, ең қайырлысы және сабырлық айы. Сондықтан, әлемнің барша мұсылмандары бұл айға ерекше құрметпен қарап, ауыз бекітіп, пітір-садақаларын таратып, жетім-жесірге қолдау көрсетеді, игі амалдарды еселеуге асығады. Биылғы жылы Рамазан айындаауа – райының қолайсыздығына қарамастан оразаға ниет етушілер саны көп. Барлықтарыңыздың ізгі ниет-тілектеріңіз қабыл болсын, — деді шара ұйымдастырушылардың бірі, аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбеков.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылған шарада екі жүзге тарта ораза ұстаған жамағатқа үйме – үй ауызашар пакеттері таратылды.

Қасиетті Рамазан айындағы игі істе аудандық мешіттің бас имамы Рамиз қажы Азизов оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде, берілетін садақа, қайырымдылық шаралары туралы және оразаның тәрбие мектебі екенін әңгімесіне арқау етті.

Сонымен қатар, ораза ұстау адамдарды жақсылыққа бастап, мейірімділікке баулып, бір-біріне деген қамқорлығын арттыратын ұлық іс екенін айта отырып, ауызашар беруді ұйымдастырып отырған аудан әкімі аппаратының ұжымына алғысын білдіріп, бақилық болғандардың рухтарына құран бағыштады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.