Колледждерге құжат қабылдау 25 маусымнан онлайн түрде басталады

0 3

Биылғы оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына талапкерлердің өтініштерін қабылдау күнтізбелік жылдың 25 маусымнан ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Спикердің айтуынша, оқуға түсетін тұлғалар күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап ақпараттық жүйе арқылы ерікті негізде кәсіптік диагностикадан (сауалнама) өтеді. Конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін өтініш береді.

— Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 19-22 тамызы аралығында, жалпы орта білім беру, ТжКОББ базасында күнтізбелік жылдың 22-25 тамызы аралығында, ақылы негізде 26-28 тамызы аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 29 шілде мен 2 тамызы аралығында өткізіледі, — деді Т.Жамалов.

Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ психометриялық тестілеу нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында ТжКОББ ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.